Шаруаларға жеңілдік қарастырылды
Өнімдерді қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейін кешенді жоспары әзірленді, деп хабарлайды 24KZ.
Онда сапалы шикізат өндірісін ұлғайтуға, қолданыстағы қайта өңдеу кәсіпорындарын жаңғыртуға және жаңа кәсіпорындарды салу үшін қолдаудың қосымша шаралары қарастырылған. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Жетісу облысына сапары барысында мәлімдеді. Ол өңірдегі шаруалармен кездесіп, егіс алқаптарындағы суармалы жерге ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу үшін жеңілдіктер қарастырылғанын айтты.
Бұдан бөлек, Серік Жұманғарин, аймақтағы жүргізіліп жатқан шегірткемен күрес жұмыстарымен танысты. Қазір зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу 109 мың гектар алаңда жоспарланған. Оған 17 жерүсті техникасы мен ауыл шаруашылық авияциясының ұшақтары жұмылдырылды.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Тағы бір бағдарлама аштық, ол деген Солтүстік Қазақстан тәжірибесіне. 2,5%-тен 10 жылға беріп жатырмыз. Биыл суармалы жерге назар аудардық. Жаңа технология енгізуге, оған 50% субсидия беріп жатырмыз. Әкімшілік, мүмкіндік болса, тағы 30% қосады. 80% болады.