Биыл құрылыс өнімдерін шығаратын 44 кәсіпорын іске қосылады
Биыл елде құрылыс өнімдерін шығаратын 44 кәсіпорын ашылады, деп хабарлайды 24KZ.
Ал 2029 жылға дейін 170 жоба қолданысқа беріледі. Бұл туралы Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков мәлімдеді. Осылайша, импортқа тәуелділік азаяды. Қазір отандық өндірушілер ішкі нарықтың 68 қамтамасыз етіп отыр. Жоспарлы меже орындалса, көрсеткішті 85%-ке дейін арттыруға мүмкіндік туады.
Мұхамед Андаков, ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары:
- 2024 жылға жоспарланған қазіргі таңда 44 жобаны іске қосу жоспарланып отыр, 302 млрд-қа және жаңа 3032 жаңа жұмыс орны ашылуы күтілуде. Бұлардың басты үлкен зауыттарын айта кетсек, керамикалық плиткалар өндірісі бойынша «Wan Sheng Ceramic» Шымкент қаласында. Жылу оқшаулағыш материалдарды өндіру бойынша «ТехноНИКОЛЬ-Қазақстан», Цемент өндіру бойынша «KORCEM» Жамбыл облысында жоспарланып отыр. 2029 жылға дейін 170 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан басқа, құрылыс материалдары саласына инвестициялар тарту жоспарлануда.