Бірқатар өңір бюджетті игере алмай отыр
Еліміздің кейбір өңірлері бюджеттен бөлінген қаржыны игере алмай отыр.
Кей аймақтарда мемлекет есебінен қаржыландырылатын 91 инвестициялық жоба іске аспаған, яғни жоспардың 20%-ы орындалмаған. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов баяндады. Бюджеттің игерілмеуі әсіресе халық игілігіне жұмсалуы тиіс жобаларда байқалады. Негізінен бұл сумен жабдықтау, су бұру және әлеуметтік инфрақұрылым жобалары. Оған қоса Жоғары аудиторлық палата тағы 383 млрд теңгені анықтады. Бұл квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлініп, шоттарға орналастырылып, пайдаланылмаған қаражат.