Қазақстан мен Халықаралық еңбек ұйымы жол картасына қол қойды

Қазақстан мен Халықаралық еңбек ұйымы жол картасына қол қойды.

Сөйтіп, енді еліміз азаматтардың еңбек шарттарын жаңа деңгейге шығаруға ниетті. Женевадағы халықаралық еңбек конференциясы аясында қазақстанық делегация бірқатар кездесу өткізді. Ортақ іс-шаралар нәтижесінде әлеуметтік қорғау және еңбек құқығы саласында консультациялар жүргізіп, заңнамаға талдау жасау жоспарланып отыр. Сөйтіп, келешекте бізде лайықты еңбектің үздік стандарттары енгізіледі. 

Ақмәди Сарбасов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі:

"Еңбек қауіпсіздігі ең басты мәселенің бірі. Мысалы, жұмыс орындарында кемсітушілікті болдырмау, халықтың табысын арттыру секілді мәселелер үнемі жетілдіруді талап етеді."  

Беат Андрес, халықаралық еңбек ұйымының аймақтық директоры:

"Бұл Қазақстан үшін маңызды тақырыптың бірі. Өйткені сіздерде ірі тау-кен рудасы бар. Ал бұл қаупі жоғары өнеркәсіп қатарына жатады. Келісімшарт сондай-ақ өзге салалалардағы еңбек инспецияларын да қамтиды. Қазақстанның әлеуметтік әділеттілікті қолдау бойынша жаһандық коалицияға қосылғаны бізді ерекше қуантып отыр."

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

"Бұл құжатты дайындау барысында әсіресе халықаралық еңбек ұйымының көмегі өте қажет. Және оның маңыздылығы да көп. Өйткені оның әр түрлі тетіктері бар, инструменттері бар. Оның ішінде басқа елдердің тәжірибесі, басқа елдердің осы мәселе бойынша шешілген шаралары, соларды біз жан-жақты қолданып, кешенді түрде өзіміздің елге енгізуіміз қажет."