Шаруаларға субсидия беру ережесі өзгерді
Биыл агроөнеркәсіптік кешен саласында 50-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асты.
Олардың жалпы құны 30 млрд теңгеден асады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. 10 кәсіпорынды іске қосқан Түркістан облысы көш басында. Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі қандай?
Иә, Түркістан облысы шынымен көш бастап тұр. Мұнда жылына 20 млн дана жұмыртқа шығаратын құс фабрикасы, 25 мың тонна ет дайындайтын мал сою пункті, 150 тонналық қойма, 550 тонналық 2 жылыжай кешені, сондай-ақ 9 600 тонна өнім өндіретін сүт пен көкөніс өңдеу орындары пайдалануға берілген.
50-ден астам инвестициялық жоба іске асты
Абай облысында 8 жаңа кәсіпорын құрылды. Оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерінің гендік қорын жақсарту жобасы, жылдың қуаты 14 400 тонна болатын тазартылмаған күнбағыс майы мен күнжара өндірісі бар. Сондай-ақ 6 шаруашылық машина-трактор паркін кеңейтті. Ақмола облысының кәсіпкерлері сүт-тауар фермаларын кеңейтіп, құрама жем, ұн, құс етінен жасалған жартылай фабрикаттар өндірісін қолға алды. Кәсіпорындар жылына 4 100 тонна өнім шығарады. Ал Жамбыл облысында жылына 30 млн дана жұмыртқа шығаратын инкубатор пайдалануға берілді. Үш шаруашылық инфрақұрылымы бар жаңбырлату техникасын орнатты. Ірі өндіріс орындарымен қатар шағын бизнес жобалары да қолға алынған. Мысалы, Ақтөбе облысында 100 бас малға арналған репродуктор мен жылына 4 тонна көкөніс шығаратын жылыжай салынды. Ал Павлодар облысында 14 мың тонна өнім сақтайтын 2 көкөніс қоймасы ашылды. Шығыс Қазақстан облысында да қолға алынған жобалар бар. Мұнда 6 000 тонналық астық қоймасы салынған. Сондай-ақ түйіршіктелген құрама жем өндірісі жолға қойылды.
Шаруаларға субсидия беру ережесі өзгерді
Енді бұл жобаларға «ақылды фермалар» қосылуы мүмкін. Бұл туралы кешегі елордада өткен қазақ-корей бизнес форумында белгілі болды. Қазақстан жасанды интеллект, робототехника және биотехнологияларға негізделген оңтүстіккореялық инновациялық агротехнологияларды енгізуге мүдделі. Фермерлер демекші, енді диқандар суармалы суға берілетін субсидияны күтіп уақыт жоғалтпайды. Жауапты министрлік «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау қағидаларына» өзгерістер енгізді. Осыдан кейін бұл қаражат трансферттік өтінімдер арқылы су берушілерге тікелей төленеді. Жаңа тетіктер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы сумен жабдықтау қызметтерін жеңілдетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.