Шетелдік холдинг жылыжайға инвестиция құйды

Alarko холдингі Шымкентте 500 гектардан астам аумақта ірі жылыжай кешенінің құрылысына 650 млн доллардан астам инвестиция салып отыр.

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың холдинг басшылығымен кездесуінде айтылды. Биыл аталған кешен құрылысы аяқталып, жобаның I кезеңін пайдалануға беру көзделіп отыр. Сонымен қатар халықаралық стандарттар бойынша агромамандарды даярлау үшін мамандандырылған академия салу қарастырылған.

Айта кетейік, түрік холдингі 1993 жылдан бері елімізде қызмет көрсетеді. Бұған дейін Alarko консорциум құрамында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын салу бойынша ауқымды инфрақұрылымдық жобаны іске асырған болатын.