Қазақстандықтар қандай депозит түрлерін қолданады?

Ақшаны қайда жұмсаған дұрыс? Жалпы біз ақша ұстай аламыз ба? Елде қарашаның қаржылық сауаты артып, салымшылар көбейген, деп хабарлайды 24kz.

Криптовалютаға да сұраныс жоғары. Құнды қағаздар, акцияларды сатып алып, сатып жатқандар да баршылық.

Енді осыған қарап ел ақшасын нақты қайда ұстағаны жөн деген сұрақ туады. Бұған сарапшылар не дейді?

Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:

- Тиынын теңге еткісі келетін халық артық ақшасын қайда сақтайды? Бұрынғының адамдары сандықтың түбіне тастайтын, қазір қалың қарашаның қаржылық сауаттылығы артып, ақшасын еселеудің түрлі тәсілін меңгерген. Ел қандай депозит түрлерін қолданады? Осыны сұрап көрдік.

Блиц 1:

- Мен ұзақ мерзімді банк депозиттерін қолданбаймын. Қысқа мерзімді депозиттерді қолданамын.

Блиц 2:

- Облигациялар бар ғой, акциялар бар. Акцияға салсаңыз, сіз 50% ақшаны шығарып аласыз жылына. Бірақ тәуекел бар.

Блиц 3:

- Мен артық ақшамды әмиянла сақтаймын. Бірақ одан пайда жоқ, бірақ сенімді.

Бұқараның банктердегі депозиттік салымы 20 трлн теңгеге жуықтады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ке артық. Яғни, жыл санап жұрт артық пұлын қаржы ұйымдарында сақтап, яки көбейтуге дағлынатып келеді. «Дегенмен, сала сарапшылары, бұл ақшасын еселегісі келетін ел үшін қолайсыз, тек теңгенің құнсыздануынан ғана құтқарады», - дейді.

Айбар Олжай, экономист:

- Халық көп пайдаланатын депозиттер 12-13%. Сонда ол инфляция үстінен 2-3%. 2-3% нақты реалдық кіріс. Енді нақты 2-3% реалды кіріс біреуге көп, ал біреуге аз. Мысалы ол үлкен көлемде ақша болса, ол жеткілікті. Орташа бір ақша үшін 2-3% аз. Бір 5-6% болса, нақты табыс алуға болады. Сондықтан мысалы азғантай ақшасы бар халық үшін, әрине, бұл белгілі бір ақшасын көбейтудің белгілі бір құралы болып табылмайды. Бірақ инфляциялық қысымнан сақтап қалудың құралы болып табылады.

Әуелде әлеумет әлеуетін арттыру үшін артық ақшасына үй алуды жөн көретін. Кейін бұл нарықта да пайда азайып, тіпті қазір тұрғын үйге сұраныс төмендеп кеткен. «Сондықтан қаржысын инвестициялауды ойлаған жандар үшін бұл тиімсіз шешім дейді», - мамандар.

Айбар Олжай, экономист:

- Мемлекеттік ипотекалық арзан вставкамен ипотекалық бағдарламалардың барлығы қысқарып және адресті режимге өтті. Яғни, соңғы бес жылда атында үйі жоқ адамдар мысалы, нақты мұқтаж адамдар ғана аз төлеп, пайызбен ипотека ала алады. Оның өзі тұрғын үй нарығындағы сұранысты барынша қысқартты. Тұрғын үй бағалары үздіксіз өсуі тоқтап жатқаннан кейін көптеген инвесторлар қазірде тұрғын үйді инвестиция ретінде қарауды тоқтатын болады.

Қаржысын көбейтуге қамданған қараша не істеу керек? Экономист нарықтың тым түрленіп тұрған тұсында ылғи бақылау жасап отыру қажет дейді.

Айбар Олжай, экономист:

- Керемет көп табыс алуға болады, 20%-тен жоғары. Ол акциялар нарығы. Ол акциялардың өсуіне байланысты және дивидендтердің төленуіне байланысты. Егерде бір компания дивидендтеріне жақсы төлейтін болса, дивидендтік саясатына байланысты. Мысалы таза пайдасының 70-50%-ін дивидендке жібереміз десе және ол компанияның акциясы тұрақты түрде өсіп тұратын болса, жаңағы қаржылық көрсеткіші жақсы болып тұратын болса, әрине, одан көптеген инвесторлар 20-25% жылына пайда тауып отырады.

Ал белгілі экономист Ғабит Толқымбаев: инвестицияның ең үлкені – жоспарлы шығындарды бағамдап, мақсатты салым салып отыру керек, дейді.

Ғабит Толқымбаев, экономист:

- Үкіметтің білім жағынан министрлігінен білім депозиті бар. Кішкентай баладан қазіргі уақыттан бастап ақырын ақырын 10 мың теңгеден салса да, Құдай қаласа, сол 18 жасына жеткенде ҰБТ, кім біледі ол кезде ҰБТ бола ма, болмай ма? Бірақ енді қор жинау тұрақты жағдай артықтау болмайды деп ойлаймын.

Депозиттегі пайыз банктердегі базалық мөлшерлемеге тікелей байланысты. Бұл тұста төмендеу байқалады. 2023 жылы 16,75 тен 15,75%-ке төмендеген. Биыл бұл меже 14,75%-ке дейін түсті. Яғни, депозиттік өсім де жыл санап азайып келеді.  Ал жүз берсең, мың аласың дейтін батпанқұйрық жоқ. Құбылмалы кезеңде пайдаға кенеліп қалу үшін қаржылық сауаттылықты да үнемі арттырып отыру керек-ақ.

Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Бағдат Қайыркен