Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты артты

Биылғы жылдың алғашқы үш айында мал шаруашылығы экспортынан 4 млн АҚШ доллары көлемінде табыс түскен.

Соның 3,5 млн доллары ірі қара үлесінде. 16 мыңға жуық Зеңгі баба тұқымының 14 мыңы Өзбекстанға, қалғаны Әзербайжан мен Тәжікстанға кеткен. Бұл көрсеткіш былтырғы жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштен 3 есе артық. Экспорттағы үлесі бойынша екінші орында Шопан ата тұқымы тұр. 3 600 бас ұсақ мал негізінен Өзбекстан, Кувейт және Иранға жолданған. Бұл 2023 жылдың І тоқсанындағы мөлшерден 2 жарым есе артық. Қойдың саудасынан 233 мың долларға жуық табыс түскен. Қамбар ата тұқымы да экспортта бар. 500-ге жуық жылқы Өзбекстанға сатылған. Одан 135 мыңнан аса АҚШ доллары көлемінде пайда түскен.Сондай-ақ Қазақстан 40 мың бас тауық экспорттаған. Негізгі сатып алушы Тәжікстаннан шамамен 60 мың доллар табыс түскен.

Мал шаруашылығының экспорты 

Саны - 15,9 мың

Табыс - $3,5 млн

Қай елдер сатып алды: Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан

 Саны - 3,6 мың

Табыс - $232,9 мың

Қай елдер сатып алды: Өзбекстан, Кувейт, Иран 

Саны - 40 мың

Табыс - $60 мың

Қай ел сатып алды: Тәжікстан 

Саны - 498

Табыс - $135,7 мың

Қай ел сатып алды: Өзбекстан 

Дереккөз: ҚР ҰСБ және МКК 

Көкөніс экспортында да өсім бар. Осы жылдың алғашқы үш айында құны 68,2 млн АҚШ доллары болатын өнім сатылған. Ең көп мөлшерде картоп экспортталған. 213 мың тоннадан астам өнімнен 25,6 млн АҚШ доллар пайда түскен. Негізінен Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан нарығына жөнелтілген. Былтырғы І тоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда биылғы картоп саудасы 2 жарым есе өскен. Осындай өсімді пияз бен сарымсақ саудасынан байқауға болады. 134 мың тоннадан астам өнім Пәкістан мен Польшаға, одан кейін Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Грузия, Ирак пен Эстонияға экспортталған. Бұршақ экспортында да ілерілеушілік байқалады. 40 мың тоннадан астам өнім Ауғанстан, Өзбекстан, Түркия, Үндістан, Пәкістанға сатылған. 12 млн долларға жуық пайда түскен. 

Көкөніс экспорты 

Мөлшері - 213,4 мың тонна (+2,5 есе)

Табыс - $25,6 млн

Қай елдер сатып алды: Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан 

Мөлшері - 3,6 мың тонна (+2,4 есе)

Табыс - $8,2 млн

Қай елдер сатып алды: Пәкістан, Польша, БАӘ, Ресей, Грузия, Ирак, Эстония 

Мөлшері - 39,8 мың тонна (+1,7 есе)

Табыс - $11,8 млн

Қай ел сатып алды: Ауғанстан, Өзбекстан, Түркия, Үндістан, Пәкістан 

Дереккөз: ҚР ҰСБ және МКК

Аталған көрсеткіштерді еселеу үшін Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Ұлттық Экономика министрлігі жариялаған әлеуметтік-экономикалық болжамға сәйкес, экспортпен қатар ішкі нарықты да қамту басты назарда.

ЦИТАТА 

"Отандық өндірісті дамыту және ішкі нарықты тауарлармен қанықтыру мақсатында құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, етті мал шаруашылығы кәсіпорындарын салуға және суару жобаларына Солтүстік-Қазақстан облысының тәжірибесін тарата отырып, ірі сүт-тауар фермаларының құрылысы жалғасады. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасын іске асыру 2025-2029 жылдары осы саладағы еңбек өнімділігін үш есеге, бидай өнімділігін 20 ц/га, өнделген өнімнің үлесі 2026 жылға қарай 70%-ға, жалпы өнім экспортын 3,5 есеге және негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін 4,2 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді."

ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі

Бұдан бөлек агрокешендегі отандық тұқымдардың үлесін 80 пайызға жеткізу, су үнемдеу технологияларын енгізу, минералды тыңайтқыштар қолданысын ұлғайту мен ауыл шаруашылығындағы техниканы жаңарту жұмыстары да ширай түседі.