Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің әлеуеті
Биыл алғашқы тоқсанда елдің жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлемі 53 млрд теңгеге жуықтады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметіне сәйкес, қазір бұл бағытта 1400 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 58 пайызы тігін, 33 пайызы тоқыма бұйымдары, ал қалғаны былғары және оған жататын өнімдер өндіреді. Дегенмен сала одан әрі дамытуды қажет етеді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 1 пайызға да жетпеген. Саланы жетілдіру үшін Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің негізгі тізбесіне жеңіл өнеркәсіп түрлері енгізілді.
Графика: Жеңіл өнеркәсіп әлеуеті
Өндіріс көлемі - ₸52,7 млрд
1400 кәсіпорын
58% - тігін
33% - тоқыма бұйымдары
9% - былғары өнімдер
2023 ж өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 0,97%