Бурабайда туризм мәселесі талқыланды

Мамандар Ақмола облысына биылғы маусымда 1,5 млн турист келеді деп болжайды.

Демалыс орындарының инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Бүгін Бурабайда туризмді дамыту бойынша кеңейтілген отырыс өтті. Алқалы жиында жергілікті билік өкілдері мен демалыс нысандарының басшылары саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Туристік кластерді дамыту бойынша арнайы жұмыс тобы да құрылды.

Бурабайда бас қосқан қос тарап өкілдері еркін форматта талқылау өткізді. Жергілікті кәсіпкерлер өңір басшысына көкейдегі сауалын қойды. Әсерісе, жер телімдерін беру, кәсіпкерлікті несиелендіру, кадр тапшылығы және инфрақұлым мәселелері көтерілді.

Павел Безвербный, кәсіпкер:

- Ең негізгі мәселенің бірі аяқсыз қалған жобаларларды жандандыру қажет. Өйткені оған мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінді. Бірақ бұл жұмыстар әлі де аяқталмаған. Екінші, туристік нысандардың инфрақұрылымын жақсарту маңызды. Қалғанын кәсіпкерлер өздері жасайды.

Туризм аймақ экономикасының дамуына жаңа серпін береді. Сондықтан демалыс орындарының инфрақұылымын жақсартып, кәсіпкерлерге жағдай жасау маңызды. Осылай деген өңір басшысы жиында көтерілген барлық мәселенің назардан тыс қалмайтынын айтты.

Марат Ахметжанов, облыс әкімі:

- Бұл мәселелерді шешпей, бизнестін билікке деген сенімі болмайды. Сондықтан оны әрбір нақты-нақты сұрақтарын алдық, жеке сұрақтары бар, жалпы осы салада толғандырып отырған сұрақтар бар. Оны шешпей алға жылжу мүмкін емес деп ойлаймын. Сондықтан оны шешу керек. Негізігі Үкімет тарапынан, мемлекет тарапынан біраз көмек бар. Бірақ соның тез кезінде алып, жеткізетін механизмдерін қарастыру керек. 

Жалпы былтыр аймаққа 1 миллион 300 мың турист келсе, биыл бұл көрсеткіш бір жарым миллионға дейін жетеді дейді мамандар. Сондықтан туристік нысандарға жүктелген міндет көбеймесе, азаяр емес. 

Абзал Балтабаев, Евгений Шинкаренко