Қаржы министрі: Бюджетте ₸3,5 трлн тапшы

Палаталардың бірлескен отырысында Қаржы министрі бюджеттік шығыс көлемінің ұлғайғанын мойындады, деп хабарлайды 24kz.

Мәди Тәкиевтің айтуынша, биыл мемлекеттік қазына кірісі шамамен 16 трлн-ға жуықтауы мүмкін. Ал бюджет тапшылығы 3,5 трлн шамасында болмақ. Қазірдің өзінде бюджет шығысы 24 трлн-ды құрайды. Соңғы он жылда шығыс 10 трлн-ға ұлғайса, ал кірістің өсімі 8 трлн теңге шамасында. Қаржы министрі кірісті ұлғайту үшін салық пен кеденді әкімшілендіру процесі қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. Биыл 9 кеден бекеті жөнделіп, іске қосылса, тауарлардың шекарадан өту қарқыны үдеп, сауда айналымы ұлғаяды. Қаржы министрі осының есебінен кіріс мөлшерін арттыруға болады деген сенім білдірді.