Мұнай кәсіпорындарындағы жемқорлық

Елдегі мұнай-газ саласындағы бірнеше ірі компания жемқорлық дауына ілікті.

Маңғыстау облысының прокуратурасы 5 кәсіпорында тексеру жүргізіп, миллиардтаған қаржының талан-таражға түскенін анықтаған.

Мәселен, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына қарасты «ОйлТранспортКорпорейшн» серіктестігі 1,5 млрд теңгеден астам сомаға техникалық талапқа сәйкес келмейтін автобустар сатып алған. Компания басшылығы техниканың құнын 400 млн теңгеге жоғарылатып көрсеткен.

Ал «West Oil Soft-ware» серіктестігінің басшылығы жұмысқа жақын туыстарын қабылдап, 400 млн теңгеден астам қаржыны қолды қылды деген күдікке ілігіп отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында аталған ұйымдардың 4 лауазымды тұлғасы ұсталды.