Қазақстанның қаржы секторының орнықтылығы расталды

Халықаралық Валюта Қоры мен Дүниежүзілік Банк Қазақстанның қаржы секторының орнықтылығын растады.

Бұл туралы еліміздің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова хабарлады. Оның айтуынша, FSAP ұсынымдары қаржы секторының орнықтылығын одан әрі ширатуға, реттеуді халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге және қаржы нарығындағы бәсекелестікті арттыруға бағытталған. Былтыр желтоқсанда елдегі Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес FSAP ұсынымдарын іске асыру жөніндегі жол картасын мақұлдады. Оған 77 іс-шара кіреді, оның 30-ы бойынша заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілмек. Оны осы екі жылда іске асыру жоспарланған. 

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы:

- Халықаралық Валюта Қоры макроэкономикалық сценарийлерді іске асыру кезінде банктердің орнықтылығын бағалау үшін стресс-тестілеуді өткізді. Оның нәтижелері әртүрлі жағдайда банктердің тұрақтылығы мен жоғары капиталдандыруды растады. Стрестік сценарийлер кезінде банктер капиталының жиынтық жеткіліктілігі 17,9%-дан 2024 жылдың соңына қарай 13%-ға дейін төмендейді, кейіннен 2025 жылдың соңына қарай 18,2%-ға дейін қалпына келеді, бұл нормативтік талаптардан едәуір жоғары.