Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаражат 19 трлн теңгеден асты

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 19 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды 24kz.

Биылғы бес айда қорға 1,4 трлн теңге қосылып, қаражат көлемі 7,7%-ке өскен. Жылдық өсім 3,4 трлн теңге немесе 21,5%. Көрсеткіштің артуына не ықпал етті? Зейнетақы қорындағы қаражаттың ұлғаюына не себеп?

Зейнетақы жинақтарының көлемі азаматтардың жарналары мен инвестициялық табыс есебінен ұлғайды. Бес айда барлық көрсеткіштер бойынша оң өзгеріс байқалады.

Қордағы міндетті зейнетақы жарналарының үлесі 96%-тен асады. Оның көлемі бір жылда 21,5%-ке өсіп, шамамен 18,6 трлн теңгеге жеткен. Ал, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының көлемі 602 млрд теңгеге жақындады. Өсім – 21,5%. Былтырғыдан 45,6%-ке ұлғайған ерікті зейнетақы жарналары бойынша шоттарда шамамен 6,2 млрд теңге жинақталды. 1 қаңтардан бастап салымшылардың шоттарына қосымша қаражат түсті. Ол – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары. Бұл қаражаттың сомасы 77,5 млрд теңгеден асты. Жалпы жыл басынан бері салымшылардың шоттарына 1 трлн теңгеден астам қаражат түскен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 29,2% немесе 244 млрд теңгеге көп. Міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 955 млрд теңге шамасында. Өсім – 19,8%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының көлемі 47,3 млрд теңгеге жетті. Көрсеткіш былтырғыдан 20%-ке көп. Ал ерікті зейнетақы жарналары 1,2 млрд теңге. Өсім – 34%. Таза инвестициялық кіріс 631,4 млрд теңге шамасында. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 138 млрд теңге немесе 28%-ке артық.

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтар:

Міндетті зейнетақы жарналары – 96%

Өсім – 21%

Көлемі – 18,6 трлн теңге

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары:

Өсім – 21,5%

Көлемі – 601,7 млрд теңге

Ерікті зейнетақы жарналары:

Өсім – 45,6%

Көлемі – 6,2 млрд теңге

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары:

Көлемі – 77,5 млрд теңге

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өсімі:

Салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары – 1 трлн теңге

Өсім – 29,2%

Міндетті зейнетақы жарналары 954,7 млрд теңге

Өсім – 19,8%

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 47,3 млрд теңге

Өсім – 20,6%

Ерікті зейнетақы жарналары 1,2 млрд теңге

Өсім – 34,1%

Таза инвестициялық кіріс 631,4 млрд теңге

Өсім – 28%

Өсім – 138 млрд теңге

 

Көтерме сауда көлемі ₸15 трлн асты

Биылғы бес айда көтерме сауда көлемі 15 трлн теңгеден асты. Бұл былтырғы көрсеткіштен 5,4%-ке көп. Нақты көлем индексі 102,2%. Жалпы көтерме сауданың еліміздегі сауда-саттықтағы үлесі 70%-ке жуық. Оның төрттен үші шағын бизнеске тиесілі. Орта бизнестің үлесі шамамен 20%, 5%-ке жуығы ірі кәсіпорындарда. Алматы, Астана қалалары мен Атырау, Қарағанды облыстары көтерме сауда бойынша көш бастап тұр. Олардың арасында елордада өсім 2,7%, ал кеншілер өңірінде өсім 24%-тен асады.

Көтерме сауда көлемі:

Көтерме сауда көлемі – 15,1 трлн теңге

Өсім – 5,4%

Нақты көлем индексі –102,2%

Көтерме сауда үлесі – 68,8%

Шағын бизнес үлесі –75,2 %

Орта бизнес – 19,9%

Ірі бизнес – 4,9%

Аймақтардың үлесі:

Алматы – 5,8 трлн теңге

Кему – 1,6%

Атырау облысы – 2,4 трлн теңге

Кему – 9,6%

Астана – 2,3 трлн теңге

Өсім – 2,7%

Қарағанды облысы – 932 млрд теңге

Өсім – 24,1%