Қытайға ет экспорты жанданды
Қазақстан Қытайға қайтадан ет экспорттауды жандандырды.
Өйткені осыдан 2 жыл бұрын қойылған уақытша шектеулер алынды. Бұл екі ел арасында жүргізілген келіссөздердің арқасында мүмкін болды. Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан кәсіпорындардың бірі ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен бүгін көрші елге 20 тонна сиыр етін жөнелтті. Бұл ауыл шаруашылығы құрылымы 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын негізінен мал бордақылап, мүйізді ірі қара мен ұсақ мал етін консервілеу жұмыстарымен айналысады. Ферманың бордақылау алаңында, бір мезгілде 3 мың бас ірі қара ұстауға болады. Кәсіпорын 57 адамға жұмыс беріп отыр. Қазір екі ел арасында мал терісін экспорттауға арналған келіссөздер жүріп жатыр. Болашақта Қытай Халық Республикасына мал етімен қоса өкпе-бауыр, ішек-қарын да экспортталуы мүмкін.
Бақытжан Әбдірасылов, кәсіпорынның құрылтайшысы:
- 2022 жылдан бастап Қазақстанда аусыл шыққандықтан халықаралық мал аурулары ұйымы Қазақстанның жаңағы статусын қызылға - экспортқа шыға алмайтын деп өзгерткен еді. Осы ағымдағы жылы сол статусты қайтадан аусылдан таза аймақ ретінде белгілеп, сондықтан жаңағы Қытай Халық Республикасына ет шығару мүмкіндігі туды. ҚХР-дағы клиенттеріміз де осында.
Фу Дын Фу, серіктес компания өкілі /ҚХР/:
- Біз бұл қазақстандық компаниямен «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында жұмыс істесіп келеміз. Карантинге дейін тығыз қарым-қатынас орнатқанбыз. Сондықтан да оларды сенімді серіктесіміз деп білеміз. Ішкі Қытайда ет сатуға арналған жүйеміз жақсы жолға қойылған. Етті өңдеп, одан жартылай фабрикат шығаратын кешеніміз де бар. Қазақстандық кәсіпорындармен алдағы уақытта да тығыз қарым-қатынаста жұмыс істесеміз деген ойдамын.