Қазақстанда 8,5 млн адам қаржы ұйымдарына ақша қарыз
Елде 8,5 миллион адамның қаржы ұйымдарына берешегі бар.
Қарыздың жалпы көлемі 19 триллион теңгеге жеткен. Оның көбі кепілсіз тұтынушылық несие. Бір жарым миллионнан астам адамның қарызды төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен. Олардың берешегі 1,7 триллион теңге. Сонымен қатар онлайн отырып, қарызға белшеден батыратын алаяқтар да айылын жиятын емес. Олар былтырдың өзінде қазақстандықтардың атынан 9 мыңға жуық несие рәсімдеген. Жалпы шығын 10 млрд теңге шамасында.
Қаржы құрылымдарына қарыз
8,5 млн адам қарыз алған
Жалпы сомасы - ₸19 трлн
1,6 млн адам уақтылы төлемеген
Олардың берешегі - ₸1,7 трлн
Алаяқтар 9 мың несие рәсімдеген
Шығын ₸10 млрд теңге