Несие беру кезінде тәуекелді азайту туралы жаңа заң нормалары

Азаматтардың несиелік қарызға батуы олардың қаржылық сауаттылығының төменділігімен де тікелей байланысты.

Бұл ретте «AMANAT» партиясының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» жобасы да сәтті жүзеге асырылып жатыр. Ал «Кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мен қаржы нарығын реттеу туралы» Заң жаңа айтқандай әуелі борышкердің құқығын қорғауды көздейді. Олай болса, құжаттың негізгі ережелеріне тоқталайық.

Мерзімі өткеніне 90 күннен асқан берешегі бар азаматтарға кепілсіз тұтынушылық қарыз беруге тыйым салынады. Президент кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқығын қорғау және қаржы нарығын реттеуге қатысты жаңа Заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, әскери қызметшілер мерзімді қызметін өткеру кезінде және демобилизациядан кейін 60 күн ішінде алған қарызына сыйақы есептеуден босатылады. 2026 жылғы 1 мамырға дейін банктер мен микроқаржы ұйымдарына азаматтардың қарызын коллекторлық агенттіктерге беруге тыйым салынды. Кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды және 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан мәжбүрлеп шығаруға тыйым салынады. Берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдаған кезде қарыз алушының банктік шотында қалуға тиіс ақшасы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтылды. 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі әкімшілік айыппұлдарды және салық берешегін өндіріп алу кезінде оңайлатылған іс жүргізу тәртібі енгізілді. Істі әділет органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді. Сонымен қатар алаяқтық әрекеттерге жол бермеу үшін онлайн қарыздар бойынша міндетті түрде биометриялық сәйкестендіру енгізілді.

ГРАФИКА:

Заңның негізгі нормалары

Қарыз мерзімі 90 күннен асса, кепілсіз тұтынушылық қарыз берілмейді

Әскерилердің мерзімді қызмет кезінде және демобилизациядан кейін 60 күн ішінде алған қарызына сыйақы есептелмейді

2026 ж. 1 мамырға дейін қарызды коллекторлық агенттіктерге беруге тыйым салынады

Кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды және І, ІІ топтағы мүгедектерді жалғыз баспанасынан мәжбүрлеп шығаруға тыйым салынады

Қарыз алушының банктік шотында қалуға тиіс ақшасы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтылды

20 АЕК дейінгі әкімшілік айыппұлдарды және салық берешегін өндіріп алу кезінде оңайлатылған іс жүргізу тәртібі енгізілді

Алаяқтық әрекеттерге жол бермеу үшін онлайн қарыздар бойынша міндетті түрде биометриялық сәйкестендіру енгізілді