Блиц. Несие берудің жаңа тәртібі тиімді ме?

- Қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мен несие беру тәртібіне қатысты жаңа Заңға енгізілген нормалар қаншалықты тиімді?

- Кез келген үш адамның кемінде біреуінде несие бар. Өзімде бар, бірақ көп емес. Уақытында төлеймін, иә. Несие деген жауапкершілік. Алғаннан кейін төлеу керек. Төленбеген жағдайда сондай жазаның бір түрін қолдану дұрыс деп ойлаймын.

- Тоқсан күннің ішінде де әркім әр түрлі себеппен төлей алмай қалады. Мысалы, жағдайына байланысты. Біреуінің айлығы болмай қалады, біреуінің тағы бірдемесі болып қалады. Енді ол шамалы қиындау болады деп ойлаймын.

- Керек емес деп ойлаймын вообще коллектор деген. Кім ойлап тапқанын білмейміз. Болмасын негізі. Шектеу емес, жеңілдіктер болу керек шығар деп ойлаймын.

- Жаңа Заңға сәйкес, онлайн несие рәсімдеу үрдісіне биометриялық сәйкестендіру әдісі енгізіліпті. Бұл өте орынды. Әйтпесе алаяқтар кез келген адамның атына несие алып жатыр.