Жекешелендірудің алдағы төрт жылға стратегиялық бағыттары бекітілді

Жекешелендірудің алдағы 4 жылға арналған стратегиялық бағыттары мен тәсілдері бекітілді, деп хабарлайды 24kz.

Бұл бастамалар экономикалық ырықтандыруды жеделдетуге, мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтуға және инвестициялар тартуға бағытталған. Яғни, жыл соңына дейін тауар нарықтары мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне талдау жасалып, жекешелендіру үшін мемлекеттік активтердің тізбесі қалыптасады. «Бұл процесс экономиканың жалпы тиімділігін арттырып, бизнеске әкімшілік қысымды төмендетеді», - дейді мамандар.

Марат Омаров, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:

- Бүгін бірінші ұлттық жекешелендіру отырысы өтті. Бұл өте маңызды мәселе. Өйткені қазір бізде экономикада мемлекет және квазимемлекет үлесі өте жоғары. Оны қысқарту керек. Мемлекет басшысы нақты тапсырма берді.