ШЫҰ: ЖІӨ үлесі - 23 трлн доллар
ШЫҰ – маңызды халықаралық құрылым саналады.
Оның жалпы аумағы 35 млн шаршы шақырымнан асады. Ал халық саны 3,5 млрдқа жуықтайды. Яғни жер бетіндегі адамзаттың жартысына тең.
Ұйымға қатысушы елдердің ЖІӨ – 23 трлн доллар. Бұл әлемдік көрсеткіштің төрттен бір бөлігі.
Жаһандық экономикадағы ЖІӨ үлесі бойынша үздік жетілікке кіретін үш мемлекет Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрамында. Атап айтқанда Ресейде шамамен үш пайыз, Үндістанда 7 жарым және Қытайда 19 пайызға жуықтайды. Халықаралық валюта қорының мәліметіне сай, осы үш елдің әлемдік экономикадағы жиынтық үлесі 29 пайыз шамасында.