Мерзімі өткен несие коллекторларға берілмейді

Бүгіннен бастап отандастарымыздың тұрмысына тікелей әсер ететін жаңа ережелер күшіне енді.

Мәселен, енді несиені беру ісі қатаңдайды. Төлем мерзімін 90 күннен кешіктірген азаматтар қарыз ала алмайды. Сондай-ақ кредитті коллекторларға беруге екі жылдық мораторий енгізілді. Тағы бір жаңашылдық, қазақстандықтарға жұбайларының келісімінсіз несие алуға тыйым салынады.

Алаяқтармен күрес қарқыны да күшеймек. Ұлттық банк күдік тудырған ақша аударымдарын бұғаттауды жоспарлап отыр. Бұл жүйе азаматтарды алаяқтардан қорғайды. Оған қоса зейнетақы жарналарын төлеуге де халықаралық қаржылық хабарламалар стандартына көшуге байланысты түзету енгізіледі.