Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалы артты
Биыл Қазақстан мен Қытай арасында теміржол арқылы жүк тасымалы 12,5%-ға артты.
Өткен бес айда көрші мемлекеттен 12,8 млн тонна әртүрлі жүк келсе, кері бағытта 1 млн тоннадан астам қазақстандық өнімдер экспорталды. Жүк ағыны «Алтынкөл» станциясынан бастау алады. Мұндағы жұмыс көрсеткіші жылына 7-9%-ға өсіп келеді. Қазіргі кезде қосымша бірнеше теміржол салынып жатыр. Құрылысы аяқталған соң станцияның пойыз қабылдау қарқыны бір жарым есе артады деп күтіледі. Былтыр Қазақстан мен Қытай арасында теміржол арқылы жүк ағыны 22%-ға ұлғайып, 28,5 млн тонна жүк тасымалданды.
Данияр Нұрқасымов, «Алтынкөл» теміржол станциясының бастығы:
- Осы ағымдағы жылда «Алтынкөл» бекетінде қосымша 6 жол салынып жатыр. Ол кең табанды жолдар. Және сол 6 жол қосылғанан кейін біз қазіргі таңда 56 пойыз қабылдап жіберіп отырсақ, енді 70 пойызға дейін өсіруге мүмкіндік бар.