Қытайға елімізден ауылшаруашылық тауарларының экспорты артқан

Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін көптеп жібере бастаған.

Мәселен, бір аймақтың өзімен сауда айналымы 50%-ға өсті. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Коммерция министрі Ван Вэньтаомен кездесуде еліміздің Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. Кездесуде қос тарап сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, тауар айналымын ұлғайтуға уағдаласты. Сонымен қатар аймақ өнімдерін Қытайдың электрондық коммерция платформаларында орналастыру жайы сөз болды.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Біз қазірдің өзінде Қытай үшін ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша оң нәтижелерді байқап отырмыз. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданымен сауда 50%-ға өсті, оның ішінде экспорт 35,3%-ға артты. Сычуань провинциясына экспорт 30%-ға, ал Цзянсуға экспорт 10 еседен астам өсті. Осы жылдың қыркүйек айында Нанкинде «Орталық Азия – Цзянсу» ірі сауда орталығы ашылады.