Лу Бань шеберханасының түлектері отандық машина жасау зауыттарына жұмысқа тұрады

Лу Бань шеберханасының түлектері отандық машина жасау мекемелеріне жұмысқа орналаса алады. 

Бұл үшін тараптар арасындағы тиісті құжаттарға қол қойылды. Келісім аясында отандық кәсіпорын қызметкерлері де шеберхана базасында қайта даярланады. Лу бань шеберханасы өткен жылғы желтоқсан айында Шығыс Қазақстан облысында ашылды. Жоба 2022 жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин арасындағы уағдаластық нәтижесінде іске асты. Білім беру мекемесінің ашылуы елімізде озық технологиялы автокөлік жасаудың бірегей оқу-әдістемелік базасын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сәуле Рахметуллина, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры:

- «Лубань» шеберханасын ашудың негізгі мақсаты электр көліктері мен гибридті автомобильдер жасау бойынша мықты тәжірибе қалыптастыру. Себебі аталған көліктер экологиялық тұрғыда алдыңғы қатарда тұрған тезникаға жатады.