Сауда-саттық деңгейі. Қазақстан және ШЫҰ

Қазақстанның ШЫҰ елдерімен өзара алыс-берісіне үңілсек.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қытай алдыңғы орынға шықты. Шығыстағы көршімізбен 31,5 млрд доллардың сауда-саттығы жасалыпты.

Ресеймен арадағы тауар айналымы 26 млрд долларға татыған.

Өзбекстанмен алыс-беріс 10 пайызға кеміп, 4,4 млрд доллар болған.

Қырғызстанмен арадағы сауда-саттық 26 пайызға өскенімен, әзірге 1,5 млрд доллар шамасында болды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшелігіне өтуге мүдделі Беларусь елімен тауар айналымы 912 млн доллардан асты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға кем.

Қазақстанның Үндістанмен алыс-берісі бір млрд доллардан асса, Пәкістанмен сауда айналымы 52 млн долларға жетті.

Қазақстан Тәжікстанмен арадағы тауар айналымын 2 млрд-қа, ал Иранмен 3 млрд-қа дейін жеткізуді көздеп отыр.