Қанат Бозымбаев батыс өңірлерді дамыту жөнінен кеңес өткізді
Мемлекет басшысының Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыту бойынша шұғыл шаралар топтамасын әзірлеу жөнінде тапсырма бергені белгілі.
Осыған байланысты Қанат Бозымбаев төрт өңірдің әкімдері мен барлық министрлік өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Вице-премьер атап өткендей, аймақты сумен қамтамасыз ету, электр қуаты және жылумен жабдықтау мен салу сияқты мәселелерге басымдық беру керек. Ұлттық экономика министрлігінің дерегі бойынша батыста мұнай өндіру көлемі азаймай тұрғанда жергілікті экономиканы әртараптандыру қажет. Өйткені 2030 жылға қарай ел батысындағы халық саны 3,5 млн дейін өседі. Осыған байланысты жаңа жұмыс орындарын құру маңызды.