Доллар қымбаттап барады

Доллар тағы көтерілді. Астанадағы ақша айырбастау пунктері 479 теңгеден алып, 484 теңгеден сатып жатыр.

Елде доллар бағамы жыл басынан бері едәуір өсті. Қаңтар айында 448,17 теңгеге тұрақтаса, сәуір-мамыр айында төмендеп 439,43 теңге болған еді. Жаздың алғашқы айы – маусымда 471 теңгеге көтерілді. Ал қазіргі жағдайда Қазақстан Ұлттық банкінің статистикасы бойынша, елде доллар бағамы тағы өсіп, 476,27-ге жеткен.