"Наурызымға" техника алуға 318 млн теңге бөлінген

"Наурызым" мемелекеттік қорығына тағы 3 техника алынды.

Аумағы 191 мың гектар болатын қорық қазір тәулік бойына бақылауға алынған. Былтыр да мекеменің техника паркі біршама жаңартылды. Бюджеттен бөлінген 188 миллион тенгеге үш өрт сөндіру машинасы, бес трактор, сегіз соқа сатып алынған. Шағын өрт сөндіру көліктерінің тиімділігі сол, оқиға орынына тез жетеді.

Былтыр қорық аумағында алты рет өрт болды. Шамамен 750 гектарға жуық алқап жанып кетті. Негізінен найзағай түскеннен тұтанған. Биыл оқыс оқиға болған жоқ. 

Дулат Қойлыбаев, "Науырзым" мемлекеттік табиғи қорығының директоры:

- Биыл 318 миллион бөлінді. Сол ақшаға екі Газель-Собель көлігін алдық. Кеше ғана келді. Жоспар бойынша тағы да төрт шағын патруль машинасы келуге тиісті. Одан бөлек бір трактор келді. Сонымен қатар, конкурс арқылы екі өрт сөндіру машинасы алынады.