Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу
Сандарды сөйлетсек, елде ауыл шаруашылығы өнімдерінің 80 пайызға жуығы шикізат күйінде сатылып жатыр.
Салада бәсекелестік төмен. Былтыр сүт өңдеу үлесі – 33 пайыз, ет өңдеу 41 пайыз болды. Ал жүн мен тері өңдеу үлесі бұдан да төмен. Өз кезегінде импорт көлемі ұлғайып барады. Жыл сайын шетелдік фермерлерден 800 млн долларға ет пен сүт өнімдері сатып алынады. Мемлекет басшысының жалпы ішкі өнімді ұлғайту туралы тапсырмасы агроөнеркәсіп кешеніне тікелей қатысты. 2026 жылға дейін салада өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу міндеті тұр.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу
Өнімдердің 80% шикізат күйінде
Сүт өңдеу - 33%
Ет өңдеу - 41%
Жүн Өңдеу - 19%
Тері өңдеу - 6%
Импорт - $800 млн
Өңделген өнім үлесін 70% жеткізу міндет