Жылдық базалық мөлшерлеме төмендеді
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 14,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.
Мамандар жылдық инфляция біртіндеп төмендейтінін жеткізді. Маусымда айлық инфляция 0,4%-ға дейін баяулады. Бұл орташа тарихи мәндерден төмен көрсеткіш. Қаржы нарығының кәсіби қатысушылары жыл қорытындысы бойынша бұрынғыға қарағанда төменірек инфляцияны күтеді. Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешім енді 29 тамызда жарияланады.
Ал банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы Нұржан Бияқаев Ұлттық банк пен Үкімет етене жұмыс істеу керек деген пікірде. Себебі көп жағдайда базалық мөлшерлеме төмендегенде, инфляция шегі қоса түспейді.
Нұржан Бияқаев, банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы:
- Банкттер ішкі кредиттік саясатына қарай шешімді өздері қабылдайды. Бірақ бәсекеге қабілетін сақтап қалу үшін олар да мөлшерлемені төмендетуі мүмкін. Мысалы ипотека нарығының 50 пайыздан көбін Отбасы банк қамтып отыр дейміз. Егер басқа банктер де мөлшерлемені төмендетсе, қарапайым халық оларға да жүгіне бастайды. Ал енді депозит бойынша сыйақы мөлшері төмендейді. Дегенмен Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені түсіргені дұрыс болды. Бұл инфляциялық ауытқудың алдын алуға септеседі.