Шикізаттық емес экспорт көлемі артады
Шикізаттық емес экспорт көлемі 2029 жылға дейін 45 млрд долларға жетеді.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі жедел штабтың кеңейтілген отырысында айтты. Сондай-ақ елдің ең ірі сауда серіктесі Қытайдан қазақстандық өнімдерді сақтауға және одан әрі сатуға арналған қоймалар беріледі. Қазірдің өзінде қос ел шекарасында тауарлардың өтуін жеделдету жөнінде жұмыс тобын құру туралы келісімге қол қойылды. Олардың алғашқы отырысы тамыз айының соңында Үрімші қаласында өтеді.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Оперштабтың құрамына облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың орынбасарлары енгізілді. Бұл олардың шикізаттық емес экспортты дамыту мәселелеріндегі жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар ұлттық тасымалдаушымен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, тасымалдау жоспарларын келісуді қамтамасыз ету үшін экспорттық жүктердің тізімін ұсыну мәселесін "Атамекен" кәісіпкерлер палатасы тарапынан үйлестіру тетігі пысықталды.