Еліміздегі ипотекалық нарықта бәсеке аз

Елдегі ипотекалық нарық бәсекеге қабілетті емес, деп хабарлайды 24kz.

«Отбасы банк» саладағы жалпы шарттарға айтарлықтай ықпал ете алады. Нарықты тыңғылықты тексерген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі осындай ұйғарымға келіп, өзге мемлекеттік органдарға ұсыныс жолдады.

«Мысалы, мемлекеттен көрсетілетін қолдау қарыз алушының әлеуметтік мәртебесіне назар аудара отырып, тікелей тұтынушыға берілуі керек», - дейді олар. Ал қаржы институттары бір-бірімен тек нарықтық мөлшерлемені ұсыну арқылы бәсекелесуі керек. Сондай-ақ баспананы жөндеу үшін зейнетақы төлемдерін пайдалануды заңнамалық деңгейде бекіту ұсынылды. Құжатта мемлекеттің бастапқы жарнаға қатысу тетігін енгізу қажеттілігі қамтылды. Аралық және алдын ала қарыздардың үлесін қысқарту мәселесі де бар. Агенттік «Отбасы банкін» ипотекалық нарықтың коммерциялық сегментінен шығару қажет деп санайды. Мамандардың пікірінше, осы ұсыныстар халықты баспанамен қамтып, жағдайды жеңілдетуге әсер етеді.

Замзагүл Нұрғожина, ҚР БҚДА Қаржы нарықтары департаментінің бас консультанты:

- «Отбасы банк» тұтастай алғанда ипотекалық тұрғын үй несиелеу нарығында 74%-ті қамтиды. Және оның тұрақты үстем жағдайы жыл сайын өсіп келеді. Егер де осы нарыққа екінші деңгейлі банктер тығыз араласып, депозиттегі ставкалары «Отбасы банкпен» салыстырғанда жоғары болады деп болжаймыз