Жарнама мен маркетинг саласындағы жалақы екі есе өсті
Елде жарнама жасаушылармен мен маркетологтардың жалақысы екі есе өсті.
Бұл салада қызмет көрсету көлемі бір жарым есе артқан. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында жарнама және нарықты зерттеу саласының кірісі 147 миллиард теңгеден асты, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 45 пайызға артық. Өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. Екінші орында елорда, үшінші орында Маңғыстау облысы. Ең аз жарнама қызметі Түркістан және Ұлытау облыстарында көрсетілген.
Жарнама және нарықты зерттеу саласындағы қызметтер
2024 жылғы қаңтар-наурыз (млн. теңге)
Қазақстан бойынша барлығы – 147 729,0
Алматы – 123 106,3
Астана – 7 256,4
Маңғыстау облысы – 5000,6
Қарағанды облысы – 1 374,0
Қостанай облысы – 1048,1
Шығыс Қазақстан облысы – 975,3