Сұйытылған газды шетелге заңсыз шығарудың жолы кесілді

Елде сұйытылған мұнай газын шетелге заңсыз шығарудың 14 фактісі анықталып, жолы кесілді.

Премьер-министр Олжас Бектенов бұндай "көлеңкелі эксмпорттың" жолын кесу үшін жұмысты күшейту қажет, деді. Бүгін үкімет отырсында газ өндіру және елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жайы талқыланды.

Бірінші жарты жылдықта елде 30 млрд текше метр газ өндірілген, бұл биылғы жоспардың 49,5%-ын құрайды.

Газдың негізгі көлемі Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған секілді ірі кен орындары өндіріп жатыр. Сондай-ақ, жаңа газ кен орындарын барлауға инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Рухани Асқар, тілші: 

- Былтыр 29,8 млрд текше метр тауарлық газ өндірілсе, биыл да осындай көлемде өндіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ былтыр 1,6 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілген. Жаңа газ кен орындарын барлау және игеруге инвестициялар тарту жайында айтсақ, QazaqGaz бен Chevron компаниясы арасында Ақтөбе облысындағы Жәлібек учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын бірлесіп жүргізу  туралы келісімге қол қойылған. 2026-2030 жылдарға дейін елімізде кезең-кезеңімен 4 газ өңдеу зауытын іске қосу жұмыстары басталмақ.

Атап айтқанда, Қашаған кен орнының шикізаты негізінде  қуаты жылына 1 және 2 жарым млрд м3 газ өңдеу зауыты, Қарашығанақ кен орнының шикізаты негізінде  қуаты жылына 4 млрд м3, сондай-ақ Жаңаөзен қаласында қуаты жылына 900 млн м3 газ өңдеу зауыттары. 

Қашаған кен орнының шикізаты негізінде газ өңдеу зауыттарын салу үшін Қатарлық инвестор тартылған. Қазіргі уақытта «QazaqGaz» бен «UCC Holding» компаниясы осы жобаларды іске асырудың соңғы шарттарын келісіп жатыр.

Санжар Жаркешов, "QAZAQGAZ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы:

Рухани Асқар, тілші:

- Елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жайында: Былтыр ел халқының 60% немесе шамамен 12 млн адам табиғи газға қол жеткізген. Биыл газдандыру жұмыстарын  жалғастыру мақсатында республикалық бюджеттен 89,3 млрд теңге бөлініп отыр. Сонымен қатар Үкіметтің іс-қимыл жоспары аясында қосымша 105,4 млрд теңге бөлінген. бұл қаражат 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуге және 1700 шақырымнан астам газ желілерін жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Тұтынушыларды газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ірі стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.  оның ішінде Бейнеу - Бозой  Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісі, «Ақтөбе  Қостанай» магистральдық газ құбыры, -«Талдықорған  Үшарал» магистральдық газ құбыры салынады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Премьер-министр Олжас Бектенов Астанада газдандыу деңгейі төмендеп барады деді, былтыр 15%болса, биыл 14,3% - ды құрап отыр. Үкіметке тұрғынжардан арыз шағым келіп түчіп жатқандығы айтылды. Жауапты тұлғалар оған  Дереу назар аударып,  қажетті шараларды қамтуы керек.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі

Рухани Асқар, тілші:

Үкңмет басшысы Энергетика мин мен Қазақ газ клмпагиясына газ өңдеу зауытьарын сплу мен жаңа кен лрындарын игеру бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды.