Елімізде әлемге әйгілі PepsiCo зауыты бой көтереді
Ауқымды құрылыс қыркүйекте Алатау қаласында басталады, деп хабарлайды 24kz.
Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорын құрылысының бірінші кезеңіне 160 миллион доллар инвестиция тартылмақ. Зауыт картопты чипстар және басқа да тұздалған тіске басар өндіреді. 2026 жылы іске қосылатын кәсіпорынның жылдық қуаты 20 мың тоннадан басталады. Құрылыс жұмыстарына мыңнан аса адам тартылады. Кәсіпорын іске қосылған соң 350 маман тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Өнімдері ішкі нарыққа және Орталық Азияға экспортталатын зауыттың екінші кезеңіне тағы 200 миллион доллар инвестиция тартылады. Бұл Алматы облысының экономикалық әлеуетін арттыра түседі.
Әркен Өтенов, Алатау қаласының әкімі:
- Бұл біздің мына аймаққа үлкен экономикалық серпіліс береді. Біріншіден, жоғары технологиялық кәсіпорын ашылады. Инновациялық технологиялар трансферты болады және біз көп затты үйренеміз бұл мекемеден. Сонымен бірге ол экспорттық әлеуетті өсіреді, салық жағынан да табыстарымыз өседі. Ең бастысы, байланысты өнеркәсіп дейміз ғой, байланысты өнеркәсіп дамиды.