Елде ет өндіру көлемі ұлғайды
Елде ауыл шаруашылығы тауарын өндіру көлемі ұлғайды.
Мәселен, былтыр мал мен құс етінің өндірісі 120 мың тоннаға өсті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға артық. Яғни 1 млн 800 мың тоннадан 1 млн 920 мың тоннаға жетті. Сүт өндірісінде де 3,7 пайыз өсім бар. Бір жылда сүт көлемі 122 мың тоннаға артып, 3 млн 400 мың тоннадан асты. Алайда жұмыртқа өндірісінің қарқыны кеміді. Былтыр құс фермалары алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға аз өнім алды. Сөйтіп, 4 млн 400 мың дана жұмыртқа дүкендерге жол тартты.
Ет /тонна/
2022 жылы – 1,8 млн
2023 жылы – 1,9 млн
Сүт /тонна/
2022 жылы – 3,3 млн
2023 жылы – 3,4 млн
Жұмыртқа /дана/
2022 жылы – 4,5 млн
2023 жылы – 4,4 млн