Қазақстанда мал басы азайған
Елде биылдыққа мал саны азайған.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне қарасақ, 2024 жылғы 1 маусымдағы есебі бойынша ірі қара мал саны 9 млн 939 мың, ал бұл көрсеткіш былтыр 10 млн 174 мың бас болатын. Ал 2022 жылғы көрсеткіш 8 млн 538 мың. Яғни былтыр көбейгенмен, биыл азайған. Қой мен ешкі де 2000 жылдан 2023-ке дейін 7 млн-ға өссе, биыл 1 млн-ға азайыпты. Жылқы саны 2022-ге қарағанда былтыр 1 млн-ға артып, ал биыл кеміді. Елдегі доңыз санында да 2022 жылдан бері едәуір құлдырау бар. 2023 жылы 654 мың болса, биылғы есеп бойынша 588 мыңға тұрақтаған.
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мал мен құс саны (мың басы)
2024 Ж 2023 Ж 2022 Ж
Ірі қара мал 9 939,0 10 174,7 8 538,1
Қой және ешкі 27 313,4 28 667,8 21 786,0
Жылқы 4 830,1 4 846,0 3 856,0
Доңыз 588,6 654,2 705,0