Жасанды интеллект сүт фермасында қолданылады

Жасанды интеллект ауыл шаруашылығында да қызмет көрсетеді.

Мәселен, сиырдың сүтін молайтуға сеп болмақ. Ақпараттық жүйе сиырдан сауылған сүтті әрдайым есепке алып, пайдасын анықтап отырады. Бұл фермерлердің бизнесті тиімді жүргізуі үшін керек. Жалпы жаңа технология, цифрландыру ауыл шаруашылығына да дендеп ене бастады. Қазір мал шаруашылығын дамыту мақсатында берілетін мемлекеттік қолдаулар мен мемлекеттік қызметтерге онлайн қол жеткізуге болады. Субсидиялау механизмдері, сондай-ақ мал өнімдерін дайындайтын, ветеринарлық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіретін ұйымдарға есептік нөмір беру жұмыстары да қашықтан жүргізіледі. Бұдан бөлек, ветеринарлық анықтаманы да электронды желіден алуға болады.

ЦИТАТА

Жасанды интеллект элементтерін қолдану саласында, оның ішінде ірі қара малдың сүт өнімділігін болжау бойынша бірқатар бастамаларды іске асыру жоспарлануда. Осы бастама шеңберінде ірі қара малдың өнімділігі бағаланатын болады. Белгілі бір уақыт кезеңінде – күн, апта, ай көлемінде бір сиырдан алынған сүт мөлшері есептеледі. Бұл негізгі көрсеткіш ретінде мал шаруашылығындағы экономикалық тиімділікті анықтауға мүмкіндік береді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі