Егіншілерге несие көлемі ₸580 млрд жетті
Елде егіншілерге жеңіл шарттармен несие беру көлемі алғаш рет 580 млрд теңгеге жеткізілді, деп хабарлайды 24KZ.
Бұған дейін бұл көрсеткіш 180 млрд теңгеден асып көрмеген. Бұл туралы Үкімет отырысында Олжас Бектенов мәлімдеді. Межелі мақсат – ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, ішкі және сыртқы сұранысты жабу үшін өндірісті ұлғайту. Бұған 2028 жылға дейінгі жол картасын сапалы әрі уақтылы орындау оң ықпал етпек. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2 есе арттыру көзделген. Үкімет басшысы 6 айдың қорытындысы бойынша өсім 103%-ке жеткенін атап өтті. Сондай-ақ өсімдік шаруашылығының тиімділігін күзде көретінімізді еске салды.