Қазақстанда несие алушылар саны артты
Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, халық негізінен екінші деңгейлі банктерден ипотека, автокредит және кепілсіз несие рәсімдейді.
Маусым айында елде 129 миллиард теңге көлемінде автониесие берілген. Ипотекалық несие көлемі 14%-ке өсті. Кепілсіз тұтынушылық несие көлемі 975 миллиард теңгеге жеткен. Ал жалақыға дейінгі микрокредит 1%-ке ғана кеміген. Сонымен қатар «Qoldau» ақпараттық жүйесінде банкроттық жөніндегі деректер бар. Қазір алматылықтардан банкрот деп тану жөнінде 8910 өтініш түскен. 730 жеке тұлғаға қатысты іс қаралып жатыр. 1381 адам банкрот болған.
Еске салсақ, банкрот деп танылған тұлғалар 5 жылға дейін екінші деңгейлі банктерден несие ала алмайды.
Сауалнама:
- Несиені керек кезде аласың ғой. Адам өзіне керек кезде алады. Несиесіз өмір сүруге болады негізі.
- Тойға, басқа нәрсеге алады. Машина алады. Дүниеге алады ғой барынша.
- Өзінің материалдық жағдайын жақсарту үшін алады. Біреуге үй салу керек. Біреуге баласын оқуға түсіру керек, мысалға үшін. Сөйтіп, сол үшін алады.
- Менің апам жылқы алды. Жылқыны кредитке алды. Дұрыс емес ол. Сол жылқыны кредитке алып, қарызға кіріп кетті. Ол қарызды әлі жауып жатыр.
- Бизнес бастау үшін немесе бір қарызды екінші қарызға кіріп жабады. Көп қой.