О. Бектенов әкімдердің жұмысын тұрғындардың тұрмысы бағалайтынын айтты

Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту критерийі бойынша әкімдердің нақты жұмысына KPI енгізу қажет.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов осындай тапсырма берді. Елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде кеңес өткізген Премьер-министр әкімдердің жұмысы жіті назарда болатынын айтты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Кеңесте «Отбасының цифрлық картасын» одан әрі жетілдіру мәселелері қаралып, «Әлеуметтік әмиян», «Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру» жобалары көрсетілді. Бүгінде Отбасының цифрлық картасының қазіргі нәтижелерін БҰҰ мен жетекші халықаралық институттар оң бағалған. Сонымен қатар Үкімет басшысы өңір әкімдеріне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, әр отбасымен жеке жұмыс жүргізуді әрі «дағдарыс» және «шұғыл» санаттардағы жанұяларды жыл соңына дейін 31,2 мың отбасына дейін қысқартуды тапсырды.