2024 жылы 1,1 млн га жер мемлекетке қайтарылды

Биыл 1 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды 24KZ.

Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін 217,5 мың га алқапта шаруалар ауыл шаруашылығы жерлерін игеруге кіріскен. Жер ресурстарын басқару комитеті жарты жылда атқарған жұмыстар жайында осылай деп есеп берді. 6 айда екі мыңнан астам тексеріс жүргізіліп, жер заңнамасын бұзудың 2 мыңнан астам фактісі анықталған. Кінәлілерге 231 млн теңгеге айыппұл салынды. 48 іс сот қарауында жатыр.