Үкіметте инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Астана қаласының инвестициялық бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды 24KZ.
Оның аясында қажетті жобалар дайындалды. Осы арқылы «инвестицияларға тапсырыс» моделіне көшу көзделіп отыр. Қазір елорда осы модельді енгізу үшін пилоттық аймақ ретінде таңдалды. Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен өткен отырыста осы мәселелер талқыланды. Бұдан бөлек, бірқатар ірі жобаның жүзеге асырылу барысы қаралды. Атап айтқанда, аммиак, карбамид және калий тыңайтқыштарын өндіруге бағытталған бірнеше бағдарлама пысықталды. Сондай-ақ энергетика секторына инвестициялар тарту күн тәртібіндегі жеке мәселе ретінде қарастырылды.