Премьер-министр Атырау облысына барды
Атырау облысына барған Премьер-министр Олжас Бектенов өңірдегі мұнай, газ химиясын және өнеркәсіпті дамыту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір Қашағанда жылына 1 млрд текше метрге дейін газ өңдейтін ірі зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Жобаны КАЗАХ Gaz компаниясы қатарлық инвесторлармен бірлесіп, жүзеге асыра бастады. Зауыт пайдалануға берілген соң өңірлерге қосымша газ жіберу мүмкіндігі пайда болады. Үкімет басшысы құрылыс қарқынын жеделдетіп, жобаны 2026 жылға дейін аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ Премьер-министр полипропилен өндіру зауытында болды. Интеграцияланған кешен – қуаттылығы жылына 500 мың тоннаны құрайтын елдегі алғашқы жоба. Зауыт іске қосылғалы 340 мың тоннадан астам түйіршікті полипропилен өндірілді.
Сондай-ақ Олжас Бектеновке Атырау мұнай өңдеу зауытын дамытудың жоспары да баяндалды. Бүгінде кәсіпорын мұнай өнімдерінің 35-ке жуық түрін шығарып жатыр.