Жамбыл облысының халқы «Ауыл аманаты» бойынша жобаларды жүзеге асырып жатыр

Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2019-2023 жылдары бюджеттен 42,2 миллиард теңге бөлінді.

Бұл қаржыға 62 ауылдық округтен 8028 жоба қолдау тапты. Осылайша «Ауыл аманаты» жобасы шалғай ауыл тұрғындарына кәсіп ашуға мүмкіндік беріп отыр. Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова аймаққа арнайы келіп, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Вице-премьер «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіп ашқан Байзақ ауданы азаматтарының жобаларымен танысты. Мәселен Жалғызтөбе тұрғыны Ғанибек Жұмасаев 6 млн теңгеге қажетті құрылғы сатып алып, темір шатыр жабындарын әзірлеуді қолға алған. 

Ғанибек Жұмасаев, жеке кәсіпкер:

- Черепица мен профнастил жабындысы Алматыдан келеді негізі вагонмен заказбен келеді. Енді біз қарапайым халық мына жерде жер кезегімен үй салып жатқаннан кейін халыққа тиімді болсын, жақын жерден шығарып берейік деген ниетпен және өз кәсібімізді жүргізу барсында соны ашып жасап беріп жатырмыз.

Ал Кеңес ауылының тұрғыны Доскен Күсемісов 5,4 миллион теңге жеңілдетілген несие алған. Сол қаржыға көлік жуу кешенін ашып, отбасылық монша ісі мен шашатараз қызметін ұсынуда. Осы ауылдың 4 шаруа қожалығы бір кооперативке бірігіп, 2 трактор алған. Бүгінде техникалар тек кооператив емес ауыл тұрғындарының егістіктерінде төмен бағамен қызмет көрсетуде. Ал Күмісбек Самықов болса мал бордақылау алаңын ашып, қазір төрт түлік өнімін саудалап отыр. 

Күмісбек Сейдіқұлов, Кеңес ауылының тұрғыны:

- Бұрыннан тек бордақылаумен айналысатынбыз. Енді мынау кредит алғаннан кейін сауумен айналысып жатырмыз. Биені де сиырды да сауумен. Сүттей қылып өткізгеннен көрі құрт май қылып өткізгеніміз тиімді болып тұр.        

Биыл аймақта тауарлы кредитке басымдық беріліп отыр. Ал ауылдықтардың шығарған өнімі облыс орталығында саудаланбақ. Жергілікті билік арнайы павилион ашып, ауыл аманаты жобасының өнімдері сатылатын тегін сөрелер ұсынбақ. Сондықтан вице-премьер енді жергілікті тұрғындарды өңдеу кәсіпорындарын ашуға шақырды.

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Переработкаға кету керек. Бүгін етін сатасыз. Сіз алдыңыз пәленбай қой. Мен алдым бәленбай қой. Мына кісі алды бәленбай қой. Ет көбейетін болса бағасы түседі. Бағасы түскеннен кейін барып кредит қайтару қиындау болады. Соған айтып жатырмыз енді давайте переработкаға кетейік. 

Сапар соңы вице-премьер төрағалығымен өткен жиынға ұласты. Онда өңірдің аудан, ауыл әкімдері бас қосты. Тамара Дүйсенова аймақта жеке кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдауға жақсы бағасын берді. 

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Бұлар 3 деңгейлі кредит беру жолын қарастырып отыр. Яғни бірінші жеке шаруашылықтарға Ауыл Аманаты аясында. Екінші алдын алып Ауыл Аманатынан жеке кәсіпкер болған азаматтарға енді Жамбыл даму бизнес арқылы олардың шаруаларын ары қарай кеңейту мәселесі. Одан кейін үшінші ірі кәсіпорындардың жұмысын жаңғырту мәселесі. Сол 3 деңгейлі жасап бір шаруаларды орта кәсіпкерлермен содан кейін үлкен кәсіпкерлермен түйістіру мәселесін қарастырған. Сондықтан механизм өте жақсы.  

Ктм: Үкімет басшысының орынбасары аймаққа арнайы жұмыс сапары барысында шалғай ауыл халқымен кездесті. Елдімекендегі кәсіпкерлер мен халықты ірі кооперативке бірігуге шақырды. Әрі шикізаттан гөрі, өңдеу кәсіпорындарын қолға алып, шағын цехтан болса да өнім шығару қажеттігін баса айтты. Әрі оған мемлекет тарапынан қолдау болатынын жеткізді.

Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә