Қазақстан 27,5 мың тонна ет экспорттады
Әлем елдерінде Қазақстан етіне сұраныс артып келеді, деп хабарлайды 24KZ.
Бірінші жартыжылдықтың өзінде елден 27 мың тоннадан астам ет экспортталған. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша өсім – 11%. Қазақстаннан ет негізінен ТМД елдеріне, оның ішінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанға жөнелтіледі. Біздің ет өнімдеріне араб елдерінен де сұраныс жоғары. Мәселен, Иран, Катар, Кувейт елдеріне 1,2 мың тонна ет сатылған.
Ет экспортының артуы – елдегі өнеркәсіп саласының жандануына септігін тигізді. Мәселен, өткен алты айда елде 40 мың тоннадан астам ет өнімдері өндірілген. Саладағы көшбасшы орында Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облысының шаруалары.