Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық артады

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық артады.

Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 4,4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Құдратовтың кездесуінде айтылды. Тараптар Астанадағы басқосуда қазақ-өзбек сауда экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Айта кету керек, Өзбекстан Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі саналады. Өзбекстан біздің елге жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізіп отырған елдер арасында да көш бастап тұр. Қазақстанның Орталық Азиямен тауар айналымының 57% -дан астамын құрайды. Тараптар алдағы қыркүйек айында «Халыққа қызмет көрсету орталығы - Орталық Азия» индустриялдық аймағында жобалардың тұсаукесерін ұйымдастырмақ.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Таяу арада екі ел арасындағы тауар айналымын 5 млрд долларға дейін және орта мерзімді перспективада 10 млрд долларға дейін ұлғайту жоспарда бар. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі сауда мәселелерін шешу және өсімнің жаңа нүктелерін табу қажет.