Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-саттық артты
Биыл жыл басынан бері Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 575 млн долларды құрады, деп хабарлайды 24KZ.
Қазақстандық тауар экспорты 20% артты. Су мен энергетика бағаты қос ел арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастың стратегиялық бағыттарының бірі саналады.
Осы тұста айта кетерлігі, Тәжікстанда Роғун су электр стансасын салу жобасы бүкіл Орталық Азия өңірі үшін тиімді болды.