Талдықорғанда жастар сенбілік өткізді
Талдықорғанда Халықаралық жастар күніне орай сенбілік өтті.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы шараға 100-ден аса жас қатысты. «Жасыл ел» жасағы бастаған белсенділер қаладағы шағын алаңдарды, саябақтарды ретке келтірді. Орталық базар маңындағы тұрмыстық қалдықтарды жинады. Жалпы Жетісу облысында көктемнен бері тазалық жұмыстары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы күнге дейін аудан-қалалардан 6 мың 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Әлихан Батырхан, "Жасыл ел" жасағының мүшесі:
- Таза қалада таза ауамен жүргенге ештеңе жетпейді. Әрине бұл шашылған менің қоқысым емес, мен тастаған жоқпын. Алайда бұл менің қалам, менің елім сол үшін жинап, тазалық сақтаймыз.