Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы экономика ынтымақтастығы дамып келеді

Қазақстан мен Түрікменстан арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді түрде дамып келеді.

Соңғы 5 жылдың ішінде өзара сауда көлемі 4 есе өсті. Биыл алғашқы жартыжылдықта тауар айналымы 237 млн долларға жетті. Перспективалы бағыттар – газ және транзиттік-көлік салалары. Онда автожолдарды реконструкциялау және салу бойынша бірқатар ірі жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде ұзындығы 225 шақырым болатын «Қазақстан шекарасы – Гарабогаз – Түрікменбашы» автожолының және Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы бар. Ал ұзындығы 165 шақырым «Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы» автожол учаскесін реконструкциялау жобасы пысықталуда.

Сауда көлемі 5 жылда 4 есе өсті

2024 Ж. - $237,2 млн

«Қазақстан шекарасы – Гарабогаз – Түрікменбашы» - 225 км

Гарабогазгол көпірі

«Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы» - 165 км